Астанада кәмелетке толмағандар LED-жолақты бұзғаны үшін әшкереленді

Астанада кәмелетке толмағандар LED-жолақты бұзғаны үшін әшкереленді

Елордада полиция қызметкерлері ғимараттардың бірінің маңдайшасындағы LED-жолақты бұзу дерегіне қатысы бар төрт жасөспірімді анықтады. Қазіргі уақытта осындай құқық бұзушылықтың төрт эпизоды тіркелген.

Кәмелетке толмағандармен олардың заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналарына балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік жүктелді.

Астана қаласының Полиция департаменті ата-аналарды балалардың тәртібін бақылауға және бос уақытын қадағалауға көбірек көңіл бөлуге шақырады.

Сонымен бірге, полиция ескертеді: электрондық құрылғылардың жұмысына араласу, оларды бұзу әрекеттері, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзатын жазбалар мен бейнелер орналастыру – заңға қайшы әрекеттер болып табылады. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңда көзделген жауапкершілік қарастырылған, ол бұзушының жасына қарамастан қолданылады.