Елордада Сарыарқа ауданының полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ Сарыарқа ауданы прокуратурасының өкілдері тұрғын үй кешендерінің бірінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Шара барысында қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелер сөз болды. Атап айтқанда, интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары, велосипед ұрлығының жиілеуі және оларды болдырмау жолдары, велосипедтерді «Smart Astana» мобильді қосымшасында тіркеудің маңызы, есірткі жарнамаларына (наркограффити) қарсы күрес, оларды дер кезінде анықтау және жою тетіктері талқыланды.
Құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық тәртіпті сақтау жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғындар мен полицияның өзара байланысын нығайту, қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында бірлескен іс-шаралар талқыланды.