Астанада наркограффитиге қарсы іс-шара өтті

Астанада наркограффитиге қарсы іс-шара өтті

Елордада Сарыарқа ауданының учаскелік полиция инспекторлары және аудан прокуратурасының қызметкерлері бірлесіп Конституция көшесіндегі тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамда есірткі қылмысының алдын алу, наркограффитиді анықтау және жою шараларын түсіндіру болды. Жиын барысында тұрғындарға заңсыз граффити белгілерін дер кезінде хабарлау жолдары түсіндіріліп, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл тәртібі жайлы жан-жақты мәлімет берілді.
Сонымен қатар, тұрғындарға арнайы ақпараттық жадынамалар таратылып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Полиция қызметкерлері мұндай кездесулердің басты міндеті – азаматтарды қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді қатысуға шақыру және қаламыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз ету екенін атап өтті.