Елордада балалар лагеріне жалған жолдама ұсынған алаяқ ұсталды

Елордада балалар лагеріне жалған жолдама ұсынған алаяқ ұсталды

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді пайдаланып бірнеше алаяқтық жасағаны үшін 23 жастағы жігітті ұстады.

Алдын ала деректер бойынша, күдікті әлеуметтік желілердің бірінде «Zhastar_camp» деген атпен Бурабайдағы демалыс аймағында орналасқан балалар лагеріне жолдама сатып алуды ұсынып отырған. Ол клиенттерден алдын ала төлемді банк картасына аударуды талап етіп, кейін байланысқа шықпай кеткен.

Мәселен, елорда тұрғыны баласын жазғы демалысқа жібермек болып, күдіктінің есепшотына 120 мың теңге аударған. Ақша қолына тиген соң, алаяқ байланысын үзген.

Ұсталған азаматтың осындай 15-ке жуық қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда оның тағы бір осындай құқық бұзушылыққа қатысы бар фактісі белгілі болды.

Барлық тергеу амалдарының нәтижесі бойынша қылмыстық іс аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды ұсынылып отырған қызметтердің шынайылығын мұқият тексеруге шақырады. Бейтаныс адамдардың сенімділігі расталмайынша, ақша аудармаңыздар. Алаяқтық белгілерін байқасаңыздар, дереу полицияға жүгініңіздер.