Астанада кальянды тексеру жұмыстары жалғасуда: заң бұзушыларға айыппұл салынуда

Астанада кальянды тексеру жұмыстары жалғасуда: заң бұзушыларға айыппұл салынуда

Астана қаласының полицейлері кальянды рұқсат етілмеген орындарда шегу деректерін анықтау бойынша рейдтерін жалғастыруда. Биылғы жылдың басынан бері кальян немесе темекі өнімдерін тыйым салынған жерлерде қолданудың шамамен 5 000 фактісі тіркелді.

2025 жылдың 10 тамызында кезекті рейд барысында полиция қызметкерлері бір мекемеде заңбұзушылықты анықтады. Келушілердің бірі мекеменің ішінде кальян шегіп отырған. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске саламыз, Қазақстанда 2020 жылдан бастап кафе, мейрамхана, бар, клуб және өзге де қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынған. Бұл халықтың денсаулығын қорғау және никотиннің зиянын азайту мақсатында енгізілді.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды заңды сақтауға және қоғамдық орындарда кальян шекпеуге шақырады. Сондай-ақ мекеме иелеріне мұндай заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді. Рейдтер жалғасады.