Астаналық автобус ішінде рюкзагын ұмытып кеткен

Астаналық автобус ішінде рюкзагын ұмытып кеткен

Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қоғамдық көлікте бөтеннің мүлкін ұрлаған 32 жастағы азаматты анықтады. Полицияға қала тұрғыны арызданған. Ол қоғамдық көлікпен жүргеннен кейін рюкзагының жоғалғанын байқаған. Рюкзактың ішінде құжаттар, әмиян және жеке заттар болған. Бұл әрекеттен жәбірленушіге материалдық шығын келтірілген.

Көп ұзамай жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам өз кінәсін мойындап, иесіз қалған затты көріп, оны ұрлап кеткенін айтты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сөмке ішіндегі заттармен бірге полицейлер тарапынан тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға өз мүліктерінің қауіпсіздігін арттыру қажеттігін ескертеді: бағалы заттарды киімнің ішкі қалталарында сақтап, үнемі сақ болу керек.