Сақ болыңыз: есіктер жабылмаған, ал ақша – қолды болады

Сақ болыңыз: есіктер жабылмаған, ал ақша – қолды болады

Астана қаласының полициясына экспедитор арызданды. Оның айтуынша, көлік тұрақта тұрған сәтте бейтаныс ер адам жүк көлігінің ашық тұрған есігін пайдаланып, ішінде 3 миллион теңгеден астам қаражат болған ерлер сөмкесін ұрлап кеткен. Көлікте дабыл жүйесі болмаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол – 38 жастағы азамат. Оның әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Тергеу барысында бұл жалғыз жағдай емес екені белгілі болды – аталған тұлғаға қатысты осыған ұқсас тағы екі дерек тіркелген.
Күдікті полиция қызметкерлері тарапынан бұрын көлік жалдап жүрген аумақта ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға ескерту жасайды: көлік ішінде құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз, тіпті аз уақытқа болса да. Міндетті түрде есіктерді жауып, қауіпсіздік құралдарын – құлыптар мен дабыл жүйелерін қолданыңыз.