Елордадағы стоматологиялық кабинеттердің бірінде 40 жастағы әйел егде жастағы науқастың сенімін пайдаланып, оның ұялы телефонын ұрлап кеткен. Зейнеткер одан телефонын қуаттауды сұраған, ал ол келісімін берген. Алайда кейінірек күдікті оқиға орнынан құрылғыны қайтармастан, бой тасалаған.
Күдіктінің әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Әйелдің жеке тұлғасы анықталды. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас тағы бір ұрлық дерегіне қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда сақ болуға және жеке заттарын бейтаныс адамдарға бермеуге шақырады.
Ерекше сақтықты егде жастағы азаматтар танытқаны жөн – дәл осы санаттағы адамдар ұсақ ұрлық пен алаяқтықтың құрбанына жиі айналады.