«Тәтті жұп»: Астанада шоколад ұрлағандар әшкереленді

«Тәтті жұп»: Астанада шоколад ұрлағандар әшкереленді

Астана қаласының полицейлері алдын ала келісіп әрекет еткен тұлғалар тобы жасаған ұрлықты әшкереледі. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы ер адам сыбайласымен бірге дүкендердің бірінің сауда залынан 96 дана шоколад батондарын ұрлағаны анықталды.
Қылмыс «тәтті» жоспармен жүзеге асырылған: алдымен күдіктілердің бірі дүкенге кіріп, батондарды пакетке салып, оны көзге түспейтін жерге тығып кеткен. Кейін екінші сыбайласы дайын пакетті алып, дүкеннен кедергісіз алып шыққан. Шоколад сатылып кеткен, келтірілген шығын шамамен 70 мың теңгені құрады.Алайда тәтті жоспар ұзаққа созылмады – бейнебақылау камералары арқылы
күдіктілердің жеке тұлғасы анықталды. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Астана қалалық Полиция департаменті ескертеді: тауарлық-материалдық құндылықтарға қатысты құқық бұзушылықтар, олардың құнына қарамастан, қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.