Астанада бір тұрғын жанармай бекетінде көлік шамдарын тазалауды ұсынған мектепке дейінгі жастағы баланы байқап қалған. Бала мұндай жұмыс үшін тым кішкентай көрінген, ал оның қосымша сұрақтарға берген жауаптары күмән тудырған. Азамат бірден полицияға хабар берген.
Белгілі болғандай, баланың анасы түстен кейін ұлының жоғалғанын байқап, бірден полицияға жүгінген. Дереу іздестіру жұмыстары басталды.
Жоғалған бала туралы бағдарлар барлық патрульдік экипаждарға және қалада кезекшілік атқарып жүрген Ұлттық ұлан қызметкерлеріне таратылды.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар мен учаскелік полицейлер шағын аудандар мен аулаларды аралап, іздестіру жүргізді. Жедел-іздестіру шараларына криминалдық полиция қызметкерлері де тартылды.
Бала сол кеште табылып, туыстарына тапсырылды.
Бала ата-анасымен балалардың қауіпсіздігі мен оларды қараусыз қалдырмау қажеттігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полиция ескертеді: кәмелетке толмаған бала жоғалған жағдайда дереу ішкі істер органдарына хабарлау қажет. Әсіресе жаз мезгілінде, балалардың өз бетімен кетіп қалу қаупі жоғарылайтын кезде, оларды қараусыз қалдырмау өте маңызды. Жедел әрекет пен мұқияттылық қайғылы жағдайлардың алдын алады.
Бұл оқиға, әсіресе жазғы демалыс кезінде, балаларға деген назарды арттыру қажеттігін көрсетеді. Себебі каникул уақытында балалар ата-ананың бақылауынсыз қалып, қауіпті жағдайларға тап болуы мүмкін.
Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерге балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отыруды, оларды ұзақ уақытқа жалғыз қалдырмауды және азаматтарды мұндай жағдайларға бейжай қарамауды сұрайды.
Айта кету керек, мұндай қырағылық танытқан азамат — елорда прокуратурасының қызметкері болған.