Қазіргі таңда ең кең таралған қылмыстық схемалардың бірі– азаматтарға банк қызметкері немесе құқық қорғау органдарының өкілі ретінде қоңырау шалып, алаяқтық әрекеттер жасау. Мұндай қылмыстардың алдын алу мен әшкерелеуде полиция мен байланыс операторларының өзара іс-қимылы маңызды рөл атқарады. Бұл ынтымақтастық алаяқтар, хакерлер және телекоммуникациялық желілерді өз мақсатында пайдаланатын басқа да киберқылмыскерлердің әрекеттерін анықтап, жолын кесуге мүмкіндік береді.
Күні кеше «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырушеңберінде Киберқылмыспен күрес басқармасы мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/Altel операторы) бірлесіп, 690 мың байланыс абонентіне ақпараттықхабарламалар жіберді. Бұл әрекет қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және киберқылмыс қылмыстармен күресуге бағытталған. Байланыс операторлары құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша телефонқоңыраулары, SMS-хабарламалар, интернетке қосылу деректері және абоненттердің орналасқан жері туралы ақпараттарды ұсына алады. Tele2/Altel өз абоненттерін әртүрлі алаяқтық әрекеттерден қорғауға бағытталған шараларды үнемі әзірлеп, жетілдіріп отырады.
Аталған ынтымақтастық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға да бағытталған, себебі бұл байланыс құралдарын заңсыз пайдаланудың алдын алып, құқық бұзушылықтарға тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың басынан бері елорда аумағындаинтернет-алаяқтықтың 1918 дерегі тіркеліп, оның 462-сі ашылды. Сонымен қатар 150-ден астам лекция ұйымдастырылып, азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құқық қорғау органдары халықты ақпараттандыруға барынша күш салуда – киберқылмыстардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, алаяқтық схемаларын тану жолдары мен ескерту нұсқаулығы қамтылған жадынамалар үнемі таратылып отырады.