Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатынан секірмек болған 17 жастағы қыз құтқарылды.
Куәгерлер балконның шетінде тұрған қызды байқап қалып, бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция полкінің қызметкерлері, полиция аға лейтенанттары Бекжан Нұрсейіт пен Жасулан Қыздарбек 4-ші қабатқа көтерілу арқылы пәтерге кіріп, секіруге оқталып тұрған қызды ішке қарай тартып, аман алып қалған. Белгілі болғандай, сол сәтте пәтердің басқа бөлмесінде оның ағасы ұйықтап жатқан және ештеңеден хабарсыз болған.
Бұл – аталған қызметкерлердің алғашқы ерлігі емес екенін атап өту қажет. 10 маусым күні олар тағы бір адамның өмірін сақтап қалған. Көпірдің шетінде тұрған жігітпен сөйлесіп, оны райынан қайтаруға тырысқанмен, ол суға секіріп кеткен. Сол сәтте полиция қызметкерлерінің бірі еш кідірместен суға секіріп, жігітті жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырған.
Полиция аға лейтенанты Жасұлан Қыздарбек ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері, ал Бекжан Нұрсейіт 2022 жылдан бастап атқарады.