Астанада полицияның қоғамдық көмекшілері марапатталды

Астанада полицияның қоғамдық көмекшілері марапатталды

Бүгін Астана қаласы Полиция департаментінің ғимаратында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ат салысқан азаматтарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара Астана қаласы Полиция департаменті тарапынан қоғамдық көмек көрсетіп жүрген белсенді азаматтарға, еріктілерге және бейжай қарамайтын ел тұрғындарына алғыс білдіру мақсатында ұйымдастырылды. Олар құқық бұзушылықтың алдын алуға, полиция мен халық арасындағы серіктестікті дамытуға және сенімді нығайтуға зор үлес қосып келеді.
Салтанатты рәсімге Полиция департаментінің басшылығы, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, Қоғамдық кеңестің мүшелері, учаскелік инспекторлар және марапатталған қоғамдық көмекшілер қатысты.
«Қоғамдық көмекшілер – қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің маңызды буыны. Олардың белсенділігінің арқасында біз халыққа жақындай түсеміз және заманауи қауіп-қатерлерге тиімді әрекет ете аламыз», — деді Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Э.Н. Данияров өз құттықтау сөзінде.
Іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз-подход ұйымдастырылып, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, полиция мен азаматтардың өзара әрекеттестігінің нақты мысалдарын баяндады.