Қазақстан полициясы күніне арналған сенбілік: тәртіп сақшылары аумақты ретке келтірді

Қазақстан полициясы күніне арналған сенбілік: тәртіп сақшылары аумақты ретке келтірді

Қазақстан полициясы күні қарсаңында еліміздің барлық полиция бөлімшелерінің аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара бекітілген жоспарға және республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті.

Экологиялық акцияға департаменттің барлық қызметкерлері — басшылық құрамнан бастап қатардағы полицейлерге дейін қатысты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тазалық пен тәртіпке деген қамқорлық жеке үлгімен басталатынын іс жүзінде көрсетті.

Күрек, сыпырғыш және басқа да қажетті құрал-жабдықтарды қолға алған полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды жинастырып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында полицияның барлық әкімшілік ғимараттарының айналасы тазартылып, жасыл желектер ретке келтіріліп, қоғамдық орындарда тазалық қамтамасыз етілді.

Мұндай іс-шаралар ұжымдық рухты нығайтып, полиция қызметкерлерінің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі бола алады. Себебі қоғамдағы тәртіпті сақтау — айналамыздағы тазалықтан басталады.

Аумақты абаттандыру — полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысында басшылыққа алатын құндылықтарын: тәртіп, тәртіпке бағыну және қоршаған ортаға қамқорлықты көрсетудің тағы бір жолы.