05 маусымда елордалық полицейлер Ішкі істер министрлігінің қала көшелерін тәртіпке келтіру жөніндегі бастамасына қосылды.
Белгіленбеген жерлерде құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды жинау фактілерін анықтауға және абаттандыру ережелерін сақтауға ерекше назар аударылды.
Мониторинг барысында жүк көлігі жүргізушілерінің арнайы белгіленген орындардан тыс қоқысты түсірудің 6 фактісі анықталды. Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды.
Бір рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Құқық бұзушыны анықтау және оны белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Абаттандыру ережелерін өрескел бұзған елорданың 150 тұрғыны жауапкершілікке тартылды.
Мемлекет басшысы сәуір айында өткен экологиялық фестивальде атап өткендей: "Тазалық әр адамнан, әр көшеден және әр қаладан басталуы керек. Біз үшін ешкім біздің жерімізді ретке келтірмейді. Тазалықты сақтау-әр азаматтың міндеті".
Астана қаласының Полиция департаменті қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және елордада күн сайын тәртіп орнататын жүздеген адамдардың еңбегін құрметтеуге шақырады.