Полиция полковнигі Данара Ахметова қол күресінен әлем чемпионы атанды

Полиция полковнигі Данара Ахметова қол күресінен әлем чемпионы атанды

Ағымдағы жылғы 31 мамыр мен 1 маусым аралығында Түркияның Бурса қаласында қол күресінен әлем чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 32 елден спортшылар қатысып, Қазақстанның намысын Астана қаласы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция полковнигі Данара Ахметова қорғады.

Әйелдер арасындағы 60 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Данара Ахметова  жеңіске жетіп, алтын медальді иеленіп, әлем чемпионы атанды. Бұл – оның қол күресі бойынша халықаралық аренадағы алғашқы  жеңісі болды.

— Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Елімізді және Қазақстан полициясын әлемге таныстыра алғаныма  қуаныштымын, — деп бөлісті Данара Ахметова.

Елімізге оралған чемпионды Астана халықаралық әуежайында әріптестері, туыстары мен достары гүл шоқтарымен, қошеметпен    қарсы  алды.