Елордада заңсыз кальян шегу фактісі анықталды

Елордада заңсыз кальян шегу фактісі анықталды

Астана қалалық учаскелік полиция инспекторлары түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау және заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелеріне үнемі рейд жүргізуде.

Рейдтің негізгі мақсаты – тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қоғамдық орындарда темекі және кальян өнімдерін пайдалануға жол бермеу.

Сонымен қатар, Қошқарбаев көшесінің бойындағы ойын-сауық орталықтарының бірінде 23 жастағы келушінің қоғамдық орында кальян шеккені белгілі болды. Аталмыш азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің тиісті бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мекеме әкімшілігіне заң талаптарын сақтау қажеттігі туралы ескерту жасалды.

Елордада жылдың басынан бері қоғамдық орындарда кальян шегуге қатысты 3200-ге жуық құқық бұзушылық анықталды.

Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарды қолданыстағы заң талаптарын сақтауға шақырады және мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.