Тағы бір құқық бұзушы жанармай құю бекетінде дрифт жасағаны үшін жауапқа тартылды

Тағы бір құқық бұзушы жанармай құю бекетінде дрифт жасағаны үшін жауапқа тартылды

Алматыда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы Ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Мониторинг барысында жанармай құю бекеттерінің бірінің аумағында қауіпті маневр жасау дерегі тіркелді. Спорттық көлік басқалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және апаттық жағдайды тудыратын дрифт элементтерін жасады.
Полиция қызметкерлері 23 жастағы жүргізушіні анықтады және ұстады. Оған қатысты маневр жасау ережелерін бұзып, апаттық жағдай туғызғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот жүргізушіні 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
«Мұндай бұзушылықтардың әрқайсысы - айналадағыларға қауіп төндіреді. Жол - экстремалды жүргізу дағдыларын көрсететін орын емес. "Қауіпсіз жол" ЖАІ аясында біз мұндай жағдайларға басымырақ көңіл бөлеміз . Жауапкершіліктің болатыны сөзсіз», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушылардың барлығын белгіленген ережелерді сақтауға шақырады.
Заң және Тәртіп – қоғамдық қауіпсіздіктің негізі.
Қоғамдық орындарда қауіпті көлік жүргізуді көрсету - стиль емес, заңды салдарға әкеп соқтыратын өрескел бұзушылық екенін еске саламыз.