Жол тәртібі – қауіпсіздік кепілі: рейдтер жалғасуда

Жол тәртібі – қауіпсіздік кепілі: рейдтер жалғасуда

«Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісу ауданының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде, әсіресе екі доңғалақты көлік жүргізушілерінің арасында.
Іс-шараның небәрі екі күнінің ішінде ауданда мопед жүргізушілері жасаған 360-тан астам заң бұзушылық анықталды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін, атап айтқанда: мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің, сақтандыру полистерінің, жүргізуші куәліктерінің жоқтығы, сондай-ақ жол белгілері мен бағдаршамдарды елемегені үшін 200-ден астам көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін өрескел және жүйелі бұзушылықтарға ерекше назар аударылады.
«Әрбір мұндай бұзушылық - ықтимал қасірет болып табылады. Жолда мопед және скутер жүргізушілерінің жауапсыз әрекетіне жол беруге болмайды. Біз профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жалғастырамыз, бірақ сонымен қатар, қатаң және заң аясында әрекет етеміз. Жол қозғалысы ережелері - ұсыныс емес, барлығына міндет», - деді, Жетісу аудандық полиция Басқармасының бастығы Жәнібек Шынасилов.
Аудандық полиция қызметкерлері күнделікті жұмысын күшейтілген режимде жалғастыруда.
Жасақтар күн сайын көшелерді аралап, мектептердің жанында, аулаларда рейдтер жүргізеді.