Алматыда 19 жастағы есірткі бетбелгісін қоюшы ұсталды

Алматыда 19 жастағы есірткі бетбелгісін қоюшы ұсталды

Алматы қаласының шағын аудандарының бірінде жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 2006 жылы туған жас жігітті ұстады. Оның ерекше иісті, ақ ұнтақ заты бар байламдар алып жүргені белгілі болды.
Алдын ала анықталғандай, тәркіленген зат синтетикалық есірткі болуы мүмкін.
«Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, Алматы полициясы жастарды "жеңіл ақша" деген желеумен есірткі таратуға тарту аса қауіпті құбылыстардың бірі екенін еске салады. Бетбелгі қоюшыларды анықтау және ұстау жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда», - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.