Алматыда қаруды қайта сатып алу науқаны басталды

Алматыда қаруды қайта сатып алу науқаны басталды

21 сәуірде қалада заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу бойынша жыл сайынғы республикалық науқан басталды.
Алматы полициясы азаматтарды маңызды бастамаға қатысуға шақырады.
«Науқанның мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу және тіркелмеген қаруды қолданумен байланысты қылмыстарды болдырмау. Қаруды өз еркімен тапсыру – жеке және қоғамдық қауіпсіздікке жасалған қадам. Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ерекше атап өткіміз келеді. Әрбір тапсырылған қару үшін ақшалай сыйақы беріледі. Ол үшін кез келген аумақтық полиция бөлімшесіне өтініш беру керек», - деді, Алматы қаласы ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Бейбіт Жексенбиев.
Құрметті алматылықтар!
Өзіңіз, жақындарыңыз және қаламыздың болашағы үшін қауіпсіздік пайдасына таңдау жасаңыз.
Алматы полициясы сіздердің түсіністіктеріңізбен белсенді қатысуларыңызға сенеді.