Қауіпсіз жол: Алматыда демалыс күндері 28 мас жүргізуші ұсталды

Қауіпсіз жол: Алматыда демалыс күндері 28 мас жүргізуші ұсталды

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында өткен демалыс күндері Алматы полициясының қызметкерлері көлікті мас күйінде басқарған 28 жүргізушіні ұстады.
Сондай жағдайдың бірі, Рысқұлов даңғылында «Лада» маркалы көліктің жүргізушісі тоқтатылған жерде тіркелді. Сот-наркологиялық сараптама жеңіл дәрежедегі мастық дерегін растады.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, атап айтқанда, көлікті мас күйінде басқару жағдайларын тоқтату.
Биылғы жылдың басынан бері қала жолдарында 800-ден астам мас жүргізуші анықталды. Олардың барлығы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
«Алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін рөлге отырған кез келген адам өзінің ғана емес, айналасындағылардың да өміріне қауіп төндіреді. Полиция мұндай құқықбұзушылықтарды анықтап, қатаң түрде жолын кесуді жалғастырады. Біз азаматтарды жауапкершілікке және бей-жай қарамауға шақырамыз - жүргізушінің қауіпті іс-әрекетіне куә болсаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Серік Шумаев.
«Қауіпсіз жол» науқаны жалғасуда. Алдын алу және жазаның бұлтартпастығы Алматы жолдарында тәртіпті сақтаудың негізі болып қала береді.