Соңғы апталарда Алматы жолдарында мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті.
Қайғылы жағдайлардың себептері – жүргізуші тәртібінің жоқтығы, жол қозғалысы ережелерін мүлде елемеу және екі доңғалақты көліктің жүргізушілері жасаған хаос.
«Жағдай қиын болып барады! Қатты жылдамдықпен келе жатып, қарсы қозғалысқа шығып, бағдаршам мен қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемейтін тәртіп бұзушылар өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді. Мұндай тәртіп бұзушыларға қатаң шаралар қолданылады – айыппұлдар, кейбір жағдайларда көлік құралдары тәркіленеді. Тек биылғы жылдың басынан бері 5 мың 508 мопед пайдаланушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 465 мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Сонымен қатар, спикер, Алматыда небәрі бес күннің ішінде мопедтердің қатысуымен 23 жол-көлік оқиғасы орын алып, 22 адам зардап шеккенін хабарлады. Өкінішке қарай, екі жағдайда адам қайтыс болды, олардың біреуі - кәмелетке толмаған.
Алматы полициясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Есіңізде болсын, жолдағы қателіктің бағасы тым қымбат - бұл біреудің өмірі! Сақ болыңыз, өзіңізді және басқаларды құрметтеңіз!