Жұртшылық көлік жүргізушілерін мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырды

Жұртшылық көлік жүргізушілерін мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырды

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өткен жылы Алматы жолдарында 2 мың 508 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған.
Сот 3 мың 993 жүргізушіні жүргізуші куәлігінен айырды. 2 мың 365 жүргізушіге қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды.
Полиция дабыл қағуда – статистика жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Бүгін Алматының тәртіп сақшылары жұртшылықты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына тартты: спортшылар, әншілер, әртістер мен танымал тұлғалар өздерінің бейнежолдауларында жүргізушілерді мас күйінде рөлге отырмауға шақырды.