Жетісу ауданының полиция қызметкерлері мен прокурорлары кәмелетке толмағандарды балалар колониясына алып барды.
Оларға заң бұзып, жазасын өтеп жатқан жас сотталғандардың күнделікті өмірі көрсетілді.
«Экскурсия полицияда есепте тұрған жасөспірімдерге ұйымдастырылды. Мұндай шаралар қиын жасөспірімдердің мінез-құлқын түзету үшін қажет. Негізгі мақсат – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу. Балаларға сотталғандардың қандай жағдайда жазасын өтейтіні, не істей алатыны және не істей алмайтыны туралы айтылды. Мұндай «экскурсиялардың» айтарлықтай профилактикалық әсері бар екеніне сенімдіміз», - деді, Жетісу аудандық полиция Басқармасының бастығы Жәнібек Шынасилов.