Алматыда түнгі рейд жүргізілді: үш қылмыстық іс қозғалды

Алматыда түнгі рейд жүргізілді: үш қылмыстық іс қозғалды

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, өткен демалыс күндері қалада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау бойынша ауқымды іс-шара жүргізілді.
Алдыңғы шептегі бөлімшелер көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізушіні ұстады.
Сот оларға қатысты кемінде 15 тәулікке қамауға алу және кемінде 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік шара қолданды.
"Тәжірибе көрсеткендей, есірткілік және алкогольдік мас күйінде рөлге отыратын жүргізушілер әлі де кездеседі. Ситуациялық жағдайда бұл әдетте былай болады: бір топ адам алкогольдік ішімдік ішеді, содан кейін жүргізуші көлікпен үйге баруды ұйғарады. Ол өзінің қылмыстық менмендігімен "А" нүктесінен "В" нүктесіне аман-есен жетемін деп ойлайды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл жүргізушінің кесірінен ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын ЖКО жиі кездеседі. Мас жүргізушілерді тоқтатқанда, әдетте, олардың кейбірі дәрі ішкендерін, кішкене ғана жол жүргендерін айтып, ақталғылары келіп, жауапкершіліктен құтылғысы келеді. Бірақ бұл жерде ешқандай сылтау орынсыз, әркім, егерде мас қылатын нәрсе қолданатын болса, онда рульді ұмыту керек екенін, көлік жүргізбеуі керектігін түсінуі керек. Қайтымсыз салдарлар болуы мүмкін. Шындық: мас жүргізуші - қылмыскер», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының басшысы Серік Шумаев.
Анықтама үшін: демалыс күндері Алматыда алдыңғы шептегі бөлімшелер 112 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде 17 көлік құралын мас күйінде басқару, 1 КҚ жүргізу құқығы жоқ адамның көлікті жүргізуі, 16 қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, 20 маневр жасау ережесін бұзу, 10 апаттық жағдай туындату, 20 КҚ тұраққа қою ережесін бұзу, 2 көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқару және т.б.