Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған құқық бұзушы ұсталды

Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған құқық бұзушы ұсталды

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы Ережесін бірнеше рет бұзған «Мерседес» көлігінің жүргізушісін ұстап, жауапкершілікке тартты.
«Құқық бұзушы әкімшілік кодекстің жеті бабы бойынша жауапкершілікке тартылды - маневр жасау ережелерін бұзу, көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқару, апаттық жағдай туғызу, көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану және пиротехникалық бұйымдарды қолдану.
Жалпы айыппұл көлемі 95 АЕК (373 мың 540 теңге) құрады.
Сонымен қатар, құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Осы заңсыз әрекеті үшін ол Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 10 тәулікке қамауға алынды.
«Мерседес» көлігі айыппұл тұрағына қойылды», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Алматы қалалық полициясы, «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруды жалғастыра отырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігін арттыруды еске салады.