Қазақстан полициясы Күніне арналған ақпараттық-имидждік науқан аясында Алматы қалалық ПД қызметтері мен бөлімшелерінің үздік қызметкерлерінің фотосуреттері лед-экрандар мен электронды бордтарда көрсетілуде.
«Олар өз мамандығының үздік қызметкерлері: тергеуші, жедел уәкіл, патрульдік қызметкер, учаскелік инспектор, ювеналды полицияның өкілі, криминалист, анықтаушы, кинолог және ЖҚАЖ қызметкерлері. Іріктеу кезінде қызметкерлердің кәсіби ғана емес, жеке қасиеттері де ескерілді. Қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметінің жарқын өкілдерімен танысуы үшін мереке алдындағы атмосфераны құру маңызды болды. Яғни, мәселе визиттік карточка жайында болып отыр», – дейді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.