Ерлік сабағы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналды

Ерлік сабағы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналды

Алматы полиция Департаментінің қабырғасында кезекті «Ерлік сабағы» өтті.
Бұл жолы ондаған бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалу үшін құрбан болған «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алуға арналды.
«Бүгін «Капитан Байтасов» кітабының авторы журналист Тоқнияз Кучуковтың қатысуымен ерлік сабағы өтті, ол қызметкерлерге кітап жазу идеясы мен осы жобаның ерекшеліктері туралы айтып берді. Басты жолдау – азаматтарды қорғау, қылмыспен күресу жүктелген жас полицейлерді отансүйгіштікке және рухани тәрбиелеу», – деді, Алматы қалалық ПД Тәрбие және кадр саясаты Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нариман Батаев.
Ғазиз Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде Қазақ КСР Жамбыл облысы Түймекент ауылында дүниеге келген.
Капитан Байтасов Жамбыл облысы ішкі істер Департаменті жол полициясы жеке батальонының 1 взводының командирі болды.
Ол 2011 жылы 12 қарашада Тараз қаласында болған лаңкестік әрекет нәтижесінде ерлікпен қаза тапты.
Оған қайтыс болғаннан кейін 2011 жылы 5 желтоқсанда «Халық Қаһарманы» атағы берілді.