Африка құрлығы елдерінен келген 15 келімсек отандарына қуылды

Африка құрлығы елдерінен келген 15 келімсек отандарына қуылды

Африка азаматтары үйлеріне жіберілді.
Алматы көші-қон қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 15 азаматы елден шығарылды.
«Аталған шетелдіктер біздің елде болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған, атап айтқанда, заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот қаулысымен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Ол бірнеше кезеңмен өтеді», - деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.