Алматылықтарға бизнес гранттарын уәде етіп алдап кеткен әйел ұсталды

Алматылықтарға бизнес гранттарын уәде етіп алдап кеткен әйел ұсталды

34 жастағы Алматы тұрғыны кәсіп үшін мемлекеттен тегін грант алып беруді ұсынды.
Ол өз ортасында кәсіп ашу үшін мемлекеттен тегін грант алуға мүмкіндігі бар екенін таратқан.
Аңғал азаматтар бейтаныс адамға «қызметі» үшін сый ретінде қомақты ақша аударған.
Қазір уақытта полицияға алданып қалған 5 алматылық жүгінген.
«Бұл эпизодтардың барлығы ірі алаяқтық негізінде бір өндіріске біріктірілді. Қазір басқа да ықтимал деректерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», - деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.