Алматы полициясы ескі «Ауди» көлігін ұрлаған азаматты ұстады

Алматы полициясы ескі «Ауди» көлігін ұрлаған азаматты ұстады

Алматы полицейлері көлік ұрлаудың 10 дерегінің бетін ашты.
Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен «Ауди» автокөліктерін ұрлауға «маманданған» Жетісу облысының 35 жастағы тумасы ұсталды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол өз қылмысын мойындады. Ұрланған 6 көлік бүлінбеген күйінде табылды, олар қылмыстық іске заттай айғақ ретінде қосылды, күдіктінің айтуынша, тағы екі көлікті сатып үлгерген. Қазір қалған көліктердің қайда екендігі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді, Алматы қалалық ПД бастығының орынбасарының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.