Алматы полицейлері жезөкшелер үйін анықтау мақсатында рейд жүргізді

Алматы полицейлері жезөкшелер үйін анықтау мақсатында рейд жүргізді

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес Басқармасының қызметкерлері көші-қон және жергілікті полиция қызметіндегі әріптестерінің көмегімен жергілікті рейдтер жүргізді.
Өткен демалыс күндері Алматыда боди-массаж жасайтын салондардың атын жамылған 13 жезөкшелер үйі анықталды.
Клиенттерге «сауықтыру шарасын» 51 жеңіл жүрісті қыз жасаған, оның 14-і Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары екендігі белгілі болды.
Шетелдік әйелдер ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды.
Жалпы, интим қызметін көрсететін әйелдерге қатысты ҚР ӘҚбК-нің 449 бабы және ҚР ӘҚбК-нің 492 бабы бойынша 67 хаттама толтырылды, ал, ғимарат иелеріне, жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін ҚР ӘҚбК-нің 450 бабы бойынша 13 әкімшілік іс қозғалды.