Дәстүр бойынша Алматы қалалық ПД-де Департамент бастығы полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаровтың қатысуымен салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Қаладағы тәртіпті тәулік бойы қамтамасыз ететін офицерлер қатарын жас жігіттер мен қыздар толықтырды: 45 тәртіп сақшысы лейтенант шендерін алды.
«Отан үшін отқа түс – күймейсің!» деген Бауыржан Момышұлының тамаша сөзі бар. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыспен жанқиярлықпен күресу міндеті – құрметті әріптестер, сіздерге жүктеледі. Әрқайсыңыз жүрегіңіздің үнімен, жаныңыздың қалауымен қазақ полициясының қатарын толықтырдыңыздар. Анттарыңызға, халқыңызға адал болыңыздар! Сіздерді өмірлеріңіздегі айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын, құрметті әріптестер!», – деп, Арыстанғани Заппаров жас қызметкерлерге лебізін білдірді.