Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу, абаттандыру ережелері, қару-жарақты сақтау ережелері, ашылған мүліктік қылмыстар және т.б. бұзушылықтарды анықтау – Алматы қаласының Наурызбай ауданында жүргізілген бір күндік рейдтің нәтижесі.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ірі базарға жақын орналасқан жеке секторға жергілікті рейдтер жүргізілді.
Тек бір көшенің өзінде тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды: ҚР ӘҚбК-нің 492-бабы – азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібін бұзу бойынша 54 әкімшілік хаттамалар толтырылды.
ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы – абаттандыру ережелерін бұзу бойынша 46 бұзушылық анықталды, оның 6-ы заңды тұлғалармен.
Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде жүрген 23 адам ұсталды. Көрсетілген эпизодтар бойынша ҚР ӘҚбК-нің 440 бабына сәйкес хаттамалар толтырылды.
Сондай-ақ қаруды сақтау және тіркеу бойынша заң бұзушылықтар анықталды - ҚР ӘҚбК-нің 486 бабына сәйкес 3 адам жауапкершілікке тартылды.
«Бұл іс-шара, ең алдымен, қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесуге, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ «мүлдем төзбеушілік» қағидатын нығайтуға бағытталған. Осындай рейдтер барлық жерде жүргізіледі. Полицейлердің үйлесімді жұмысы – азаматтарымыздың тыныштығының кепілі», - деді, Наурызбай аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Жақыпбаев.