Жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлігін жүргізуге рұқсат берген алматылық тұрғын жауапқа тартылды

Жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлігін жүргізуге рұқсат берген алматылық тұрғын жауапқа тартылды

Алматының Медеу ауданында патрульдік полиция қызметкерлері «Хюндай» маркалы көлікті тоқтатты.
«Шетелдік көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адам басқарғаны белгілі болды: ол ешқашан куәлік алмаған. Көлік иесі 2000 жылы туған Д.есімді азаматша жігіттің қасында отырды. Бойжеткен өзінің қателігін мойындады. Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 612-бабы, 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлік құралын басқарған жүргізуші - 2003 жылы туған Ф.есімді азамат ҚР ӘҚбК-нің 612-бабы 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шумаев.
Естеріңізге сала кетейік, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ағымдағы жылдың 20-30 қарашасы аралығында қалада «Құқықтық тәртіп» жалпыреспубликалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Ол жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға және жолын кесуге бағытталған.