Бұл жолы өзінің «Мицубиси» маркалы автокөлігін мас күйінде басқарған және жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндіретін заңсыз әрекет жасағаны үшін 1975 жылы туған П.есімді азамат ұсталды.
«Аталған көлікті «Буран-305» патрульдік экипажының мүшелері Жансүгіров пен Бурундайская көшелерінің қиылысында ұстады. Жүргізушіден алкогольдің иісі қатты шығып тұрды, оның өзі де мас күйінде рөлге отырғанын мойындады. Медициналық тексеру орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдықты көрсетті. Жүргізуші көлік жүргізуден шеттетілді. Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 608 бабы 1 бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», - деді, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Амантаев.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен П.есімді азамат, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Естеріңізге сала кетейік, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ағымдағы жылдың 20-30 қарашасы аралығында қалада «Құқықтық тәртіп» жалпыреспубликалық жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Ол ЖҚЕ бұзу деректерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.