Алматыда «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзып, айыппұл төлемейтін жүргізушілерді анықтау жұмыстары жалғасуда.
«Олардың бірі – Қырғызстанда тіркелген «Ниссан» маркалы автокөлігімен Алматы қаласында жол қозғалысы ережесін бұзған 1992 жылы туған М.есімді азамат. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 3-бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 612-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу материалдары жинақталды. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», - деді, Алматы қаласы ПД ӘПБ-ның әкімшілік тәжірибе бөлімінің аға инспекторы Айдос Кеңес.
Сондай-ақ, Алматы полициясы «құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығы туралы еске салды.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері кеңінен қолданылуда, оның ішінде, салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде есептейтін «Қорғау – Қауіпті жүргізуші».