Полиция мен қалалық ҰҚКД қызметкерлері Алматының Алмалы ауданында орналасқан хостелдердің бірінде 14 Нигерия азаматын анықтады.
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдері өткені белгілі болды.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде ҚР-нан шығудан жалтарғаны үшін 12 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тағы 2 шетелдік ПД-ның қабылдап таратуына орналастырылды. Қазіргі уақытта қабылдаушы жеке және заңды адамдарды анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізілуде», - деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.