Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тексеру жүргізді.
«Медеу ауданында шетелдік жұмыс күші заңсыз пайдаланылған құрылыс нысаны анықталды. Атап айтқанда, онда Өзбекстанның 13 азаматы және Нигерияның 2 азаматы жұмыс істеген. Олар өздерінің еңбек қызметін заңсыз жүргізген және жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Аталған шетелдіктер ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды. Сонымен қатар, тергеу барысында Әуезов ауданының полиция қызметкерлері Тәжікстан азаматының жолаушыларды заңсыз тасымалдау дерегін анықтады. Белгілі болғандай, 27 жастағы К.есімді азамат таксиде жұмыс істеген: ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс алып, жеке тасымалдаумен айналысқан. Ол өзі жалға алған көлікте түнеп жүрген», — деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚбК-нің 517 бабы 5 бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Сот оны Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, көлік иесі ҚР ӘҚбК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.