Алматы қаласының полиция қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күнін Әнұранды хормен орындаумен атап өтті

Алматы қаласының полиция қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күнін Әнұранды хормен орындаумен атап өтті

Қазақстанда 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.
1992 жылы маусымда тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге орай, ІІО қызметкерлерін отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ идеологиялық және тәрбие жұмысын жетілдіру аясында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қызметтер мен бөлімшелердің қызметкерлері бұл мерекені таңғы саптүзеуде әнұранды хормен орындаумен атап өтті. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздер – Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның туған күні ретінде мәңгі қалады», - деді, Алматы қаласы полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Олжас Мырзабеков.