Алматыда 28 жастағы жігіт жасөспірімді тонап кеткен

Алматыда 28 жастағы жігіт жасөспірімді тонап кеткен

Әуезов ауданының полиция қызметкерлерінің хабарламасы бойынша, 1995 жылы туған С.есімді азамат, заңсыз баю мақсатында өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған.
«Алдын ала болжам бойынша, қолында телефоны бар жас жігітті көрген бойда қаскөйдің ойында қылмыстық ниет пайда болды. Ол жәбірленушінің соңынан еріп, жақын жерде ешкімнің жоқтығына көз жеткізген кезде, оған шабуыл жасаған. Күдікті ұсталды. Ол ұрлық жасағанын мойындады. Істің осы сатысында тергеу, ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағы үш қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін анықтады. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», — деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлан Әбілқайыр.
ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.