«Арыстан» арнайы лицейінің оқушылары нашақорлыққа қарсы курсты тыңдады

«Арыстан» арнайы лицейінің оқушылары нашақорлыққа қарсы курсты тыңдады

 Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының қызметкерлері осы аттас айлық аясында «Арыстан» мамандандырылған лицейінде дәріс өткізді.
250 қатысушы жедел қызметкерлердің күнделікті іс-тәжірибесінен қамауға алу туралы шынайы оқиғаларды қызығушылықпен тыңдап, нарколог-дәрігердің кеңесіне құлақ түрді.
Өз кезегінде, психикалық денсаулық Орталығының психиатр-наркологы есірткі заттарын қолданудың қайтымсыз салдары мен жаңадан шыққан «синтетикаға» тәуелділік туралы айтты.
Сонымен қатар, қатысушыларға есірткі зертханаларын жою және ойын-сауық мекемелеріндегі тұтқындау туралы бейнероликтер көрсетілді.