23 жастағы жігіт қаржылық интернет-алаңда ақшаны көбейтіп беремін деп уәде берді

23 жастағы жігіт қаржылық интернет-алаңда ақшаны көбейтіп беремін деп уәде берді

 Қарапайым сонымен қатар, күрделі алдаудың әдісін Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны ойлап тапқан.
Әуезов аудандық ПБ-на бірнеше жергілікті тұрғын арызбен жүгінген, олардың айтуынша, жас жігіт криптовалютаның қаржылық интернет-алаңында қаражатты көбейтіп беремін деген желеумен ірі көлемде ақшаны иемденген.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол 1999 жылы туған Л.есімді азамат болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті ақшаны қайтару бойынша өз міндеттерін орындауды ойламаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта осыған ұқсас 11 эпизод тіркелді, яғни 11 жәбірленуші күдіктіге кемінде 3 миллион теңгеден берген», - деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлан Әбілқайыр.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған заңсыз әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізуде.
ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.