Алматының Арбатында полиция іс-шара жүргізуде

Алматының Арбатында полиция іс-шара жүргізуде

 Тыныштықты бұзу деректері бойынша Арбатқа іргелес үйлердің тұрғындарының жүйелі арыздануынан кейін құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар белсендірілді.
Біраз уақыттан бері жаяу жүргіншілер аймағы азаматтардың сүйікті демалыс орнына ғана емес, мопед жүргізушілерінің де бас қосатын орнына айналды.
«Ал әрбір жиналған сайын қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын бұзу қатар жүреді. Бұл факторлар жергілікті тұрғындардың орынды наразылығын тудыруда. Белгіленген аумақта жаяу патруль, іргелес аумақта автокөлік патрульдері күшейтілді. Мәселен, өткен түнде ғана полицияға «Арбатта» тыныштық бұзылғаны туралы бес дабыл келіп түскен. 18 мопед жүргізуші шара қолдану үшін полицияға жеткізілді. Олар ҚР ӘҚбК-нің 437-бабы және ҚР ӘҚбК-нің 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. 5 күнде «Арбаттан» тәртіп бұзған барлығы 63 мопед жүргізушісі Алмалы аудандық полиция Басқармасына жеткізілді», - деді, Алматы қалалық ПД Жедел басқару Орталығы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Данияр Тасубаев. .
Анықтама үшін: ағымдағы жылдың басынан бері ҚР ЖҚЕ бұзғаны үшін 4 мың 748 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.