Заппаров: Алматы мектептерінде 5 мыңға жуық бейнебақылау камералары орнатылған

Заппаров: Алматы мектептерінде 5 мыңға жуық бейнебақылау камералары орнатылған

 Алматы полициясының Басшысы тұрғындармен есеп беру кездесуінде балалардың қауіпсіздігі туралы айтты.
«Балаларымыздың қауіпсіздігі мәселесі бірінші орынға қойылып, полицияның тұрақты бақылауында. Барлық білім беру нысандарында қауіпсіздік мәселесі бойынша тексеріс жүргізілді. Бүгінгі таңда қала мектептерінде 4 мың 960 бейнебақылау камералары орнатылған. Сонымен қатар, қаланың жалпы білім беретін мектептерінде «дүрбелең батырмалары» орнатылған, олар бірден ПД ЖБО-на қосылған. Сонымен қатар, білім беру нысандарына кіру жүйесі ретке келтірілді, арнайы турникеттер бар», – дейді, Арыстанғани Заппаров.