Жаңа учаскелік полиция пункттерінің орналасқан жерін Алматы қалалық ПД-де жариялады

Жаңа учаскелік полиция пункттерінің орналасқан жерін Алматы қалалық ПД-де жариялады

 Алматы полициясы бастығының айтуынша, қала Әкімдігінің қолдауымен тұрғын үй алаптарының кеңеюіне, қала аумағының ұлғаюына және халық санының артуына байланысты, халықаралық стандарттардың барлық талаптарына жауап беретін учаскелік полиция пункттерінің заманауи 10 жаңа ғимаратын салу жоспарлануда.
«Әлеуметтік жауапкершілік аясында бүгін, біз құрылыс компаниясымен ауызша келісімге келдік, ол салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен ауданы шамамен 30-40 шаршы метрді құрайтын үй-жайларды беретін болады. Үй салушы «таза» әрлеуді және ​​ғимаратты қажетті жиһазбен жабдықтауды өз мойнына алады. Аулалар мен кіреберістердегі, сондай-ақ іргелес аумақтағы барлық камералар осы полиция пунктеріне шығарылатын болады. Бұл ғимараттар полицияға уақытша пайдалануға беріледі. Учаскелік полиция пункттерінің ашылуы осы тұрғын үй кешендерінің тұрғындарын қажетті учаскелік полиция инспекторларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз осы ТҮ тұрғындарының арасынан «халық жасағы» институтын жандандырғымыз келеді», - деді Арыстанғани Заппаров.
Бұл шаралар бірінші кезекте полицияның құқық бұзушылық деректеріне жедел ден қоюына және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Қолжетімді полиция» қағидатын іске асыруға бағытталған.
Анықтама үшін: «Теремки» ТҮ кешенінде, «Сити плюс» ТҮ кешенінде, «Алма Сити 5» ТҮ кешенінде және «Сити Парк» ТҮ кешенінде жаңа учаскелік полиция пункттері пайда болады.