Алматы полициясы «Мазда» автокөліктерін ұрлағандарды ұстады

Алматы полициясы «Мазда» автокөліктерін ұрлағандарды ұстады

 Қазіргі уақытта осыған ұқсас 3 эпизод тіркелді.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі ер адам қамауға алынды.
«44 жастағы Жамбыл облысының тумасы мен оның 34 жастағы сыбайласы бұрын бірнеше рет сотты болған. Қалалық криминалдық полицияның жедел уәкілдері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен арнайы іс-шараны жүргізді. 1979 жылы туған С.есімді азамат пен 1989 жылғы С.есімді азамат ұсталды. Олар өз кінәларын мойындады. Әуезов ауданы аумағынан ұрланған көлік Жамбыл облысында, тағы бір «Мазда» осы өңірдің Луговое ауылынан табылды. Ал үшінші көлік бүтін күйінде Алматы облысында тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Оның мән-жайы ҚР ҚК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормасына сәйкес жария етуге жатпайды.