Алматы полициясы жаңа алаяқтық тізбегін тіркеді

Алматы полициясы жаңа алаяқтық тізбегін тіркеді

 Көлікті жалға алып, содан кейін оны сатып жіберген – алаяқтық дерегіне сәйкес қылмыстық іс бойынша алты адам ұсталды.
«1982 жылы туған О.есімді азамат көлікті жалға берумен айналысатын ЖШС-нің бірімен «Тойота Камриді» жалға алу шартына отырған кезде қылмыстық тізбек бұрмалана бастады. Нәтижесінде көлікті қайта сату тізбегіндегі алтыншы адам болып табылатын сатып алушыдан көлік тәркіленді. Тергеу, жауап алу және бетпе-бет беттестiру барысында мынадай мән-жайлар анықталды: жалдау шартын жасасқан О.есімді азамат, белгіленген жерден көлікті алып кетіп, оны ұрлап кеткендігі жайында хабар беруі керек болған адамды жалдайды. Соңғысы «көзге түспес үшін» үшінші адамның қызметіне жүгінеді. Жоспар бойынша ол кеңсеге барып, көліктің кілтін алуы керек. Осы уақытта тізбектегі екінші адам «Тойота» көлігін келісілген жерге айдап алып келуі үшін тағы екі бейтаныс адамды жалдады. Соңғы адам - сатып алушы, И.есімді азамат, одан ұрланған көліктің мемлекеттік нөмірлері тәркіленді. Бұл күдіктінің айтуынша, ол «Тойота» көлігінің ұрланғанын білмеген, ал «сатушы» оған көлікті қарызын өтеу ретінде алғанын айтқан», - деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Бұл алаяқтыққа қатысушылардың барлығы ұсталды.
Қылмыстық іс тіркелді.
Күдіктілер қамауда отыр.
ҚР ҚПК-нің 201 бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.