Алматыда тонаған заттарын сатпақ болған пәтер ұрысы ұсталды

Алматыда тонаған заттарын сатпақ болған пәтер ұрысы ұсталды

 Алматының Әуезов ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы үйлердің бірінен тұрмыстық техника ұрланды.
Жедел уәкілдер тез арада күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Бұл - 2002 жылы туған С.есімді азамат.
«Қаскөйдің бөтеннің үйіне терезені қысу арқылы кіргені анықталды. Мақсат – заңсыз баю. Үйде ешкімнің жоқтығын пайдаланды. Ең бірінші көзіне түскені – теледидарды алды. Үй иесі келтірілген материалдық шығынды 110 мың теңгеге бағалаған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Ұсталған азаматтың жалпы қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.